"Болашақ университеті" ашылады
"Болашақ университеті" ашылады
6 жыл бұрын 2880 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның инновация министрлігі шетелдік алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен қашықтан оқыту әдісі бойынша жобаны қолға алып жатыр. Өзбектер үйден шықпай-ақ онлайн реимінде білім алу үшін Гонконг, АҚШ, Нидерланды, Германия және Жаңа Зеландия жоғарғы оқу орындарымен қазан айының 25-і күні келсімге келді. Елдің болашағғына бағытталған аталмыш жоба үшін өзбек билігі 40 млн доллар бөліп отыр. Оқу процесі тек мәтіндерді немесе дәрістерді көшіріп алудан ғана тұрмайды, ең маңыздысы - кезең-кезеңімен білім беру бағдарламасын игеру. Студенттер қашықтан білім алу үшін арнайы смарт-технологияны қолданады. Аталған министрлік мұнымен ғана шектеліп қалмай әрі студенттердің қашықтан білім алуына жағдай жасау үшін осы заманғы педагогикалық әрі ақпараттық технологияны пайдалануға бермек. Яғни, студенттердің түрлі форматта әрі елдің кез келген аумағында қашықтан білім алуына мүмкіндік тумақ. 

0 пікір
Мұрағат