Биыл әлемдегі жұмыссыздар саны 201 миллионға жетуі мүмкін
Биыл әлемдегі жұмыссыздар саны 201 миллионға жетуі мүмкін
7 жыл бұрын 3243 inform.kz

Биыл әлемдегі жұмыссыздар саны артып, 201 миллион адамға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымына сілтемемен «Хабар 24» хабарлады.

Ал келер жылы олардың қатарын тағы 3 миллионға жуық адам толықтыруы ықтимал. Өйткені, қазір еңбекке жарамды жастағы халық санының өсу қарқыны жаңа жұмыс орындарының құрылуынан гөрі озып отыр. Бүгінде мұндай жағдай, әсіресе, Батыс Еуропада анық байқалады. Халықаралық ұйым өкілдерінің хабарлауынша, тап қазіргі таңда жалақысы төмен халық саны да айтарлықтай артып келеді.

«Сарапшылар 2017 жылы экономикалық өсім байқалады деген болжам жасап отыр. Алайда, ол жұмыссыздық деңгейінің жаһандық ауқымда өсуін тежей алмайды. Бұл дамушы елдердегі экономикалық жағдайдың әлсірегенін әйгілей түседі», - дейді Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.

0 пікір
Мұрағат