Бір ғана Йеменде минаның өзінен қанша әйел мен бала опат болды?
Бір ғана Йеменде минаның өзінен қанша әйел мен бала опат болды?
7 жыл бұрын 3126 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кезінде заңды билікке қарсы бүлік шығарған хусит тайпасынан азат етілген аудандарды бүлікшілер миналап кеткендіктен бейбіт тұрғындар жарақат алып, опат  болып жатыр. Өкінішке қарай, олардың арасында әйелдер мен балалардың қарасы көп. Минадан тазарту жұмыстарына орасан күш-жігер жұмсалып жатқанына қарамастан. Құқық қорғаушылар хусит тайпасынан мұндай әрекеттен бас тартуға шақырса да нәтиже болмай тұр. Сөз орайы келгенде айта кетейік, миналауға халықаралық келісімдермен, соның ішінде, Оттава конвенциясымен қатаң тыйым салынған. Йемендегі адам құқығы жөніндегі орталықтың дерегіне қарағанда, өткен жылдың өзінде 615 әйел мен бала минадан қаза тапқан. Сондай-ақ, 924 адам ауыр жарақат алған. Олардың 572-сі өмір бойына мүгедек болып қалған. Минаға түсу оқиғалары Аден, Лаһжа, Тайыз, Шабуа,Мағриб, Далиа, Байда, Жуф, Қожа, Харада және Миди елді-мекендерінде тіркелген. 

0 пікір
Мұрағат