Қасапшы (фото)
Қасапшы (фото)
7 жыл бұрын 5654 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ер-азаматтар істейтін, тек ерлерге ғана тән болып келген жұмысты әйел адамдардың атқаруына тосырқап қарайтынымыз рас. Шариғат шәлісін жамылған әйел қолына кездік алып, осынау кәсіппен айналысса, салтанат сарайында шапан киген ешкіні көргендей тіптен айран-асыр қалатынымыз тағы бар. Міне, осындай кәсіппен жүріп жан бағатындардың қатарында мысырлық Рубайда Хұсни бар. Ол шариғат талаптарына сай сойылған малдың етін сатумен шұғылданады. Күйеуі осыдан он жыл бұрын сырқаттанып, төсекке таңылған болатын. Отбасын асырау үшін Рубайда қолына кездік алып, ет боршалауды үйренді. "Мен балаларымды да қасапшылыққа баулып жүрмін",- деген оның сөзін India Today ақпарат көзі келтірген екен. 

0 пікір
Мұрағат