Бір адам үшін жұмыс істеп келген станция жабылды (фото+видeо)
Бір адам үшін жұмыс істеп келген станция жабылды (фото+видeо)
8 жыл бұрын 2943

Естеріңізде болса, сайтымыздың жаңалықтарында осыдан жарты жылдай бұрын Жапонияда бір оқушы үшін ғана жұмысын тоқтатпаған станция туралы хабар таратқан едік. Нақтырақ айтқанда, оқуына барып-келетін бір ғана оқушы жолаушы үшін жұмыс істеп келген Кю-Сиратаки теміржол станциясы туралы хабарлаған болатынбыз. Аталған теміржол станциясын осыдане бірнеше жыл бұрын жабылуы тиіс болатын. Алайда, жоғарғы сыныпты оқитын Кана Харада сабаққа бара алмай қалатындықтан теміржол компаниясының басшылығы бұл ойларынан бас тартқан еді. Яғни, оның мектеп біруін үш жыл күтуге тура келген болатын. Кесте бойынша бұл станцияға пойыздар күніне төрт рет аялдайтын. 2016 жылдың наурыз айында Кана мектебін аяқтаған еді. Өткен демалыс күндері 69 жыл жұмыс істeгe станцияның жабылуы салтанатты жағдайда өтті.  

 

 

0 пікір
Мұрағат