БЕЛОРУСТА БАС МЕШІТ АШЫЛАДЫ
БЕЛОРУСТА БАС МЕШІТ АШЫЛАДЫ
8 жыл бұрын 2318 e-islam.kz

Таяу уақытта Белорус астанасы Минск қаласында жаңа орталық мешіт ашылады. Он жыл бойына құрылысы жүрген мешіт маусым айында ел игілігіне берілмек.

Белорус Мұсылмандары бірлестігінің басшысы, ел мүфтиі Әбу Бәкір Шабановичтің айтуынша, жуықта мешіттің ішкі әрлеу, көркемдеу жұмыстары аяқталып, қажетті заттар орналастырылады, сондай-ақ қосымша бөлмелер ислам музейі және кітапханасына арналмақ. Бұдан бөлек, мешіт ғимаратында конференц-залы, қонақ бөлмелері мен жуыну орындары қамтылады. 

ДУШАНБЕ МЕШІТ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТЕДІ 

Тәжікстан билігі ел имамдарына жуық уақытта барлық мешіттерге бейнебақылау камералары мен металлодетектор орнатуды міндеттеді. Бұл жайында Душанбе мэрінің баспасөз хатшысы Шавкат Саидов хабарлады.

«Душанбе мэрі Махмадсаид Убайдуллаев барлық мешіттерге бейнебақылау камералары мен металлодетектор орнату туралы тапсырма берді. Қауіпсіздік мақсатында бұл шаралар мешіттердің өз қаражаттары арқылы іске асырылуы керек» деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, бұл шешім мешіт жамағатының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін маңызды.

Айта кетсек, соңғы бірнеше жыл қатарынан мешітке келуші халықтың, жергілікті жамағаттың қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қамтамасыз етіп келді. Олардың міндетіне қауіпсіздікті бақылаумен қатар, жасөспірімдердің мешітке келмеуін қадағалау да енген. Себебі, республика бойынша 18 жасқа толмаған балалардың мешіт мен құлшылық үйлеріне баруына тыйым салынған.  

0 пікір
Мұрағат