Батыс елдерінің қаңсығын таңсық көрушілермен күрес басталды
Батыс елдерінің қаңсығын таңсық көрушілермен күрес басталды
5 жыл бұрын 2203 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран астанасы - Теһран қаласының басшылығы қоғамдық орындарды итпен серуендеуге және автокөлікке итті мінгізуге қатаң тыйым салды. Аталған қала әкімшілігі мұндай қадамға қала тұрғындары мен меймандарына қолайсыздық тудырмау үшін барып отырғанын жеткізді. Иттен қорқатындар үшін басы артық үрей тудырмауы керек, мақұлыққа сенім жоқ, қолға қанша үйретілді дегенімен оның әрекетін болжап білу мүмкін емес. Сондай-ақ, тазалық талаптарына қайшы. Осындай уәж келтіргенімен иран қоғамында итті үйде асырау батыс елдерінің таңсығы ретінде қабылданады. Бұл ережені елемегендер жауапкершілікке тартылып, жазаланатын болады. Нақты қандай жаза қолданылатыны айтылмаған. 

0 пікір
Мұрағат