Басқа елдің азаматтарына кітапханадан кітап алуға тыйым салу...
Басқа елдің азаматтарына кітапханадан кітап алуға тыйым салу...
4 жыл бұрын 1938 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуды жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі көрсеткендей, билік басындағы социал-демократиялық партиямен теңескен швед демократтары ел аумағындағы қоғамдық кітапханадан осы елдің азаматтығын алмағандарға кітап беруге тыйым салуды ұсынды. Ал Швецияның мәдениет министрі бұл ұсынысты «біртүрлі» деп атады. Бұл жайында Biblioteksbladet мерзімді басылымы шведтердің SVT Nyheter ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Швед демокртаттарының ұсынысымен ішінара келіспейтіндердің айтуынша, швед азаматы болмаса да солтүстік Еуропа елдерінің азаматтарына швед кітапханасынан кітап алуға тыйым салынбауы тиіс. «Бұл арада сөз біздің кітапхананы әлеуметтік қызметтердің бір бөлігі ретінде қарағымыз келетінінен туындап отыр. Бұл әлеуметтік қызмет азаматтардың салығы есебінен қаржыландырылады. Осыған байланысты кей қызметтер азаматтық секілді ұғымдармен байланысты болуы керек және оны кім көрінген алатындай бәрі бірдей қол жеткізе алмайтындай ету керек»,- деп мәлімдеді швед демократтарының мәдениет саласындағы саясатқа жауапты тұлға Арон Эмильссон. «Швеция аумағында ұзақ жылдар бойы тұрып келе жатса да азаматтығы жоқ адамдар кездеседі, оларға кітапхана қызметін кқрсетуден бас тарту біртүрлі көрінеді. Сондай-ақ, саяси пана іздеп жаңадан келгендер үшін кітапхананың маңызы айрықша зор – швед тілін үйрену үшін. Швед тілін үйрену арқылы швед қоғамына сіңуі үшін»,- деп жауап қатты аталған елдің мәдение министрі Аманда Линд швед демократтарына.

0 пікір
Мұрағат