Мұсылмандарға құрмет көрсетіп, «Крест жорығы» атауын өзгертті
Мұсылмандарға құрмет көрсетіп, «Крест жорығы» атауын өзгертті
4 жыл бұрын 3077 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландиядағы ең мықты регби клубы осы жазда орын алған, күллі әлемді күңіренткен Крайстчерч қаласында орналасқан мешіттегі қанды терактіден опат болғандардың құрметіне атауын өзгертетін болып шешті. «Крест жорығы» клубының атауы бұрын ел аумағындағы мұсылмандардың ар-намысына тию үшін қойылғанын айта кету керек. Өйткені, тарихта крест жорықшыларының мұсылмандарды қан қақсатып, қынадай қырғаны белгілі. Аталмыш клуб тек атауын өзгертіп қоймай, крест жорықшыларын еске түсіретін логотипін де өзгертуге бел байлап отыр. Тіпті, матч алдында рыцарша киінгендер жарыс өтетін алаңда атпен жүріп өтетін дәстүрінен де бас тартады. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат