Балалар мектепке 4-5 жасынан баратын болды
Балалар мектепке 4-5 жасынан баратын болды
7 жыл бұрын 2974

Жаңа Зеландия үкіметі бастауыш мектепке баратын балалардың жас мөлшерін өзгертуді ұсынды. Шенеуніктер балалардың бірінші сыныпқа 4-5 жастан бастап барғандарын қалап отыр. Бұл туралы stuff.co.nz ақпарат көзі хабар таратты. Бұл жағдайда кіші сыныптар бастауыш мектепке топ-топқа бөлініп түседі: бірінші топ – 5 жасқа енді-енді толатындар, ал екіншісі – 5 жасқа толғанына көп уақыт өте қоймағандар. Әр ата-ана баласының қай жаста мектепке баратынын өздері шеше алады. Елдің білім министрлігі аталмыш өзгерістің ата-аналардың мектепке дейінгі білім алу кезіндегі шығындарын азайтатынына сенімді.

0 пікір
Мұрағат