Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы
Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы
7 жыл бұрын 2598 inform.kz

Алматыда өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында ел намысын 12 спорт түрінен 175 спортшы қорғайды. 

Конькимен жүгіру спортында Роман Креч, Иван Аржаников, Федор Андреев, Татьяна Климчук, Светлана Мальцева, Федор Мезенцев, Артур Сергиенко, Дарсиль Эссамамбо, Дмитрий Морозов, Надежда Сидельник, Станислав Палкин, Артем Крикунов, Екатерина Айдова, Алена Стапстова, Александр Кленко, Мария Сизова, Эльвира Халикова, Руслан Бегімбетов, Малика Марканова және Аида Ташмұхамбетова өнер көрсетеді.

Шаңғымен екісайыста жүлделі орындар үшін Шыңғыс Ракпаров, Әли Айбек, Расул Гайрбеков, Вячеслав Бочкарев, Эльдар Орусаев таласқа түседі.

Шорт-тректен Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Ольга Тихонова, Нұртілек Қажығали, Ким Йонг А, Мадина Жанбұсинова, Анастасия Крестова, Роман Письман Универсиадаға қатысады.

Тау шаңғы спортында Мартин Хубер, Сергей Данов, Мария Григорова, Александр Костров, Захар Кучин, Алексей Сысоев, Екатерина Карпова өнер көрсетеді.

Сноубордтан студенттер арасында Роллан Садықов, Дмитрий Егоренко, Ксения Тупик, Дарья Слободкина, Асылбек Бейсенов, Жомарт Құмақбаев, Глеб Кармозин, Степан Деонисьев, Александр Алексеев, Максим Юдаев, Максим Ионов, Олег Паниндер таласқа түседі.

Мәнерлеп сырғанауда ел намысын Денис Тен, Артур Панихин, Айза Мамбекова, Жансая Адыханова, Вероника Шевелева, Абзал Рақымғалиев қорғайды.

Фристайлда Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Александр Геберт, Константин Горлачев, Жанбота Алдабергенова, Акмаржан Қалмұрзаева, Жібек Арапбаева, Бағлан Іңкәрбек, Дархан Мұхамеджанов, Алон Муллаев, Данил Бабакин, Олжас Қайрат, Айжан Сапиянова бақтарын сынайды.

Шаңғы жарысында Сергей Малышев, Александр Малышев, Виталий Пухкало, Олжас Климин, Иван Люфт, Константин Борцов, Ринат Мухин, Даулет Рахимбаев, Анна Шевченко, Ольга Мандрика, Анна Стоян, Ирина Быкова, Анжелика Тарасова, Валентина Эбель, Марина Матросова, Ангелина Шурыга бақ сынайды.

Дүниежүзілік қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстанның қыздар құрамасы қатарында Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Ксения Бушуева, Татьяна Глазкова, Татьяна Лихаус, Дария Молдабай, Ләззат Мыңжасарова, Ғалия Нұрғалиева, Аида Олжабаева, Меруерт Рыспек, Мадина Тұрсынова, Александра Феклистова, Карина Фельзник, Ажар Хамимұлдинова, Арай Шегебаева, Арина Щеколова, Надежда Филимонова, Эльвира Рамазанова, Анастасия Орлова, Фатима Китайбекова, Бұлбұл Қартанбаева, Юлия Буторина және Дарья Дмитриева бар.

Ал, Универсиадада ерлер арасындағы шайбалы хоккейден ел намысын Павел Полуэктов, Сергей Кудрявцев, Михаил Рахманов, Никита Михайлис, Александр Казначеев, Константин Савенков, Артем Бурделев, Виктор Ивашин, Александр Писарев, Антон Сагадеев, Владислав Никулин, Әлихан Әсетов, Кирилл Савицкий, Ярослав Евдокимов, Иван Степаненко, Мадияр Ибрайбеков, Валерий Севидов, Владимир Гребенщиков, Александр Нурек, Георгий Дульнев, Андрей Курачевтер қорғайды. 

0 пікір
Мұрағат