Балаға қатыгездік танытқандарға жазаны күшейтті
Балаға қатыгездік танытқандарға жазаны күшейтті
7 жыл бұрын 2263 Baq.kz

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қылмыстық кодекстегі балаға қатыгездік танытып, денсаулығына зиян келтіріп, өзіне қол жұмсауға дейін апарғандардың жазасын қатайту жөнінде өзгерістер енгізілген заң жобасына қол қойды. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. 

centralasian.org-тың хабарлауынша, заңда баланың ата-анасы немесе тәрбиелеуге алған жауапты адам балаға қатыгездік танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады делінген. Атап айтқанда, кәмелетке жасы толмағандарды өзіне қол жұмсауға апарғаны үшін немесе үнемі кемсітетіні үшін 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал осындай қылмысты сәбиге жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін түрме жазасына кесіледі.

Сонымен бірге, баланың денсаулығына зиян келтіріп, ауыр зардабын қалдырғаны үшін 6 жылдан 10 жылға дейін сотталады.

Баланың өміріне қауіп төндіргені үшін 40 -70 мың сом көлемінде айыппұл төлейді немесе 2-3 жылға дейін ауыр жұмысқа тартылады. Сонымен бірге, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат