Бай баласының ойыншықтары (фото)
Бай баласының ойыншықтары (фото)
9 жыл бұрын 6114

Атлант мұхитының арғы жағындағы Америкада байлардың баласы шағын ойыншықтарды місе тұтпайды. Адамның өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі бар, тұрмыстық заттармен, керек-жарақпен, қымбат жиһазбен, желдеткіш, тоңазытқыш дейсіз бе, қыл аяғы электр қуатымен жабдықталған ойыншық үйлердің түр-түрін ермек етеді. Итіне дейін зәулім сарай салдырып жатқанда мұның таңсықтығы да жоқ шығар. Десе де, кәдімгі баспана-ойыншық америкалық балалардың арасында сәнге айналғаны рас. Lilliput Play Homes компаниясы балаларға арналған мұндай шағын үйлердің 30 нұсқасын саудаға шығарған. Мұндай үйлердің бағасын екінің бірінің қалтасы көтере бермейді – ақшаңыз болса, 20 000 долларға дейін сатып алуға болады. Мұндай үйлердің арасында театрмен немесе ас үйі азық-түлікпен жабдықталғандары да бар. Аталмыш компания қожайыны Стефан Черницкийдің айтуынша, оларға мұндай ой өз балаларының көңілі толатын ойыншық іздестіруден туған. Қыздары Алиса үшін олар викториандық үлгідегі үй жасап шығарған. Бәрі осыдан басталған, қазір олардың бизнесі өркендеп келеді. Бала ойын кезінде неғұрлым кең кеңістікке шықса, оның қиялы да соғұрлым ұшқары болады деп есептейді ерлі-зайыптылар. Олар үй иесі ретінде сезініп, өздерін болашақ өмірге дайындайтын көрінеді.

Фото: социальные сети
Фото: социальные сети
Фото: социальные сети

1 пікір
  • Afrikada milliondagan bala kunine $1 lik azik tulik zhey almay auru ga shaldikkanda bul sirap emespe?!?!
    Bala tarbiesinde manizdi narse koldan zhasalgan buimdardi kimbatka alip bergennen gori,balalarga zhagdayi tomen adamdarga komekteskizip adamgerwiligin damitkan aldekayda paydali bolar edi.Solay bolsa keyin balasi ata-analarin tastap ketip kalmaydi....
    9 жыл бұрын
Мұрағат