Азаматтары содырға айналып, халқына қарсы қылмыс жасаған мемлекеттерден өтемақы талап етіп отыр
Азаматтары содырға айналып, халқына қарсы қылмыс жасаған мемлекеттерден өтемақы талап етіп отыр
5 жыл бұрын 2333 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ирак билігі ел аумағында лаңкестік қылмысқа барған әрі терактіні ұйымдастыруға атсалысқан немесе шатылған шетелдік азаматтардың отанынан өтемақы талап етпек. Бұл жайында аталмыш ел парламентінің жетекшісі Мұхаммед әл-Һалбуси мәлімдеді. Оның айтуынша, Ирак жеріндегі лаңкестік ойранға қатысы бар азаматтардың отаны терактіден қаза тапқан отбасыларға өтемақы төлеуі тиіс. Ирак президенті Барқам Салиһ Ирак халқына немесе ирактағы нысандарға қарсы қылмыс жасағандар Ирак заңы бойынша жауапкершілікке тартылып, жазаланатынын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Ирак пен Шам жеріндегі талай жылға созылған содырлармен соғыстан аталған мемлекеттер адами капиталы бойынша да, материалдық тұрғыдан да орасан зор зардап шекті. Аталған елдер аумағында сойқан ұйымдастырған содырлардың қатарында әлемнің көптеген елдерінің азаматтары болды. Өтемақы сол азаматтардың отанынан талап етіледі. 

0 пікір
Мұрағат