Ауру – астан: Жыл сайын 3 млн-ға жуық адамның ажалы астан келеді
Ауру – астан: Жыл сайын 3 млн-ға жуық адамның ажалы астан келеді
9 жыл бұрын 6488

Сапасыз азық-түліктен жыл сайын әлемде 3 миллионға жуық адам уланып, көз жұмады екен. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осы мәселеге алаңдаулы. Күнделікті тұтынатын тағамдардың тазалық талаптарының сақталмауынан миллиондаған адам түрлі инфекцияға шалдығып, мерт болатын көрінеді. Бір елдің өнімінің ішінде кем дегенде 10 мемлекеттің қоспасы болады екен. Сондықтан күнделікті тұтынатын асты жіті тексеріп, пайдаланған абзал. «Әрбір адам өзінің тұтынып отырған тағамынан денсаулығына қауіп тудырмау үшін қарапайым ережелерді сақтап отырса жеткілікті. Мәселен, белгілі бір температурада таза күйінде сақталған азық-түлік адам денсаулығына қауіпсіз. Сондай-ақ, жиі таза су тұтынуға кеңес беремін»,- деді бүкіл әлемдік іргелі ұйымның Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Мелита Вуйнович. Қазіргі таңда одақ аясында елімізге әр түрлі азық-түлік келіп түседі. Мамандар барлығын тексерістен өткізуге дайын. Жыл басынан бері мыңдаған азық-түлік өнімі зертханалық тексерістен өтіп, 28 пайызы сапасына сай келмеген.

 

Ғалымдар "Доширак" кеспесінің құрамынан қауіпті заттар тапты

Baq.kz сайтының Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, америклық ғалымдар тез дайындалатын кеспелерді зерттеу нәтижесін ұсынды. Нәтиже бұл өнімді сүйіп жейтіндерді қуанта қоймасы анық. Зерттеуге алынған рамен кеспесінің құрамынан дәрігерлер жеуге болмайтын бірнеше заттарды анықтады. Біріншіден, кеспе құрылымын сақтау үшін темекі өндірісі мен антифриз өнеркәсібінде пайдаланылатын пропиленгликольді, екіншіден, кеспе дәмдеуіші ретінде антиоксидант трет-бутилгидрохинонды қолданған. Олар парфюрмерияда саласында бояулар мен смолдар шығару кезінде қолданылады. Сонымен қатар, кеспенің қорабында ағзаға қауіпті ароматтандырғыш моносадум глумат (ақ кристаллдар түріндегі күшейткіш), натрий мен А бисфенолы бар. Айта кетейік, 2014 жылы ғалымдар тез дайындалатын кеспені жүйелі түрде тұтыну кардиометаболизм мен инсультке әкелуі мүмкін екенін айтқан болатын. Ал бір жыл бұрын ғаламторда рамен кеспесін екі сағат сайын ішетін адамның асқазаны түсірілген видео тараған еді.

 

Ыстық шай өңеш обырының қаупін тудыруы мүмкін

Ыстық шай адамның бойын жылытып қана қоймай, оның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін алға тартып отыр британиялық ғалымдар.
Осылайша, бір кесе ыстық шай немесе кофе қан тамырларының кеңеюіне әкеліп, оларды әлсіз қылып, ары қарай қан айналым жүйесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, мамандар, шайді суытып ішуге кеңес береді.
Тегеран Университетінің ғалымдары өте ыстық шайды (температурасы шамамен 70°С және одан жоғары) тез ішу өңеш обырының қаупін тудыруы мүмкін екенін айтады.
Ғалымдар оған шәй құрамы емес, оның температурасы мен ағзаға түсу жылдамдығы әсер ететінін айтқан.

0 пікір
Мұрағат