Ауғанстанға ауыз салған АҚШ енді Пәкістанды қырына алмақ
Ауғанстанға ауыз салған АҚШ енді Пәкістанды қырына алмақ
7 жыл бұрын 2810 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгін Ақ үй қожайыны Дональд Трамп алдын ала алынған мәлімет бойынша Ауғанстандағы америкалық әскери контингентті арттыру мақсатында тағы 4 мыңдай сарбазды аттандыратыны жөнінде мәлімдеме жасауы тиіс-тұғын. Бұл жайында CBS ақпарат  көзі хабар таратты. АҚШ президенті бұл мәлімдемесінде Ауғанстандағы және Оңтүстік Азиядағы жаңа стратегиясын жарияламақ. Сондай-ақ, Ауғанстанмен көрші жатқан Пәкістанды террористерге демеуші болып отырған ел ретінде танып, қара тізімге енгізуі әбден мүмкін. АҚШ бастаған алпауыт мемлекеттер Пәкістанды қара тізімге енгізетін болса, НАТО-ның негізгі одақтасы қатарынан шығарып, аталған елге берілетін көмектің мөлшерін азайтуы мүмкін. Айта кетейік, өткен жұмада америкалық президенттердің қала сыртындағы Кэмп-Дэвид резиденциясында қауіпсіздік кеңесінің жиыны өткен болатын. Онда оңтүстік Азия аймағы негізгі тақырыпқа айналып, аталған аймақтағы АҚШ-тың ықпалына қатысты түрлі нұсқалар қарастырылған еді. Солардың бірі - америкалық әскери контингентті Ауғанстаннан толық шығару немесе кеміту, я болмаса, арттыру мәселесі талқыланды. 

0 пікір
Мұрағат