Катарлықтар қажыларды жарылқамақ болған саудиялық монархтың бетін қалай қайтарды?
Катарлықтар қажыларды жарылқамақ болған саудиялық монархтың бетін қалай қайтарды?
7 жыл бұрын 3168 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан санаулы күн бұрын Саудия королінің катарлық қажыларға ерекше жағдай жасайтыны, дәлірегі, катарлық қажылардың шығынын өзі көтеретінін, яғни, ұшақпен алдыртатыны және электронды білезіктен босатқаны турасында хабар таратқан болатынбыз. Алайда, Катар астанасы - Доха қаласының халықаралық әуе-жайы королдің пәрменімен катарлық қажыларды алып кетуі тиіс саудиялық ұшақтың қонуына рұқсат бермеді. Саудиялық әуе желісінің директоры Салеһ әл-Жассир осылай мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, SaudiAirlines әуе компаниясы қонуға рұқсат ала алмағанын мәлімдеді. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Монархқа тән мәрттік танытқан королдің бетін катарлықтар осылай қайтарды. 

0 пікір
Мұрағат