Әуе қатынасы кезінде намаз уақытын анықтау мәселесі шешімін тапты
Әуе қатынасы кезінде намаз уақытын анықтау мәселесі шешімін тапты
4 жыл бұрын 2049 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұшу кезінде намаз уақытын анықтау қиындығы артта қалды десе де болады – арнайы есептегіш ойлап тапқан  сингапурлық Crescentrating рейтинг компаниясының арқасында. Әуе қатынасын пайдаланған жолаушы намаз уақытының кіргенін қалай біле алады? Үстінен ұшып бара жатқан елдің, ұшып шыққан елдің және бет алған бағытының (елдің) намаз уақыттарын онлайн режимде бағдарламаға енгізсе жетіп жатыр. Аталмыш бағдарлама пайда болмай тұрып, ислам ғұламаларының дені алысқа сапар шеккен жолаушыға намаз уақытын ұшып шыққан елдің немесе бағыт алған елдің уақытымен анықтауға кеңес берген болатын. Ендігі жерде бұл мәселенің нақты шешімі табылып отыр. Осы заманғы технологияның көмегімен. Намаз уақытын анықтауға арналған есептегішті Crescentrating сайтынан пайдалана аласыз. Аталған компания көп ұзамай ұшу кезінде құбыланы анықтауға көмектесетін қалта телефоны үшін қосымша жасауды көздеп отыр. Аталмыш компанияның бұл қадамы жылдан жылға әлемнің әр түкпіріне саяхаттайтын мұсылман туристер қарасының артуына байланысты жасалып отыр. Яғни, жол үстінде намаз уақытын нақты анықтау мұсылмандар үшін көкейтесті әрі маңызды. 2010 жылы әлем бойынша мұсылмандар 100 млн доллар қаражатты тек туристік сапарға жұмсаған екен. Бұл әлемдік туризм индустриясының шамамен 10%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 15%-ға жетпек. Сарапшылардың есебінше.

0 пікір
Мұрағат