Алып морждар таспаға тартылып қалды (видео)
Алып морждар таспаға тартылып қалды (видео)
6 ай бұрын 605 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Вашингтон штатының Джош Филлипс есімді балықшысына әлдебіреудің қайығына мініп алған алып морждарды таспаға тартып алудың сәті түскен екен. Сүт қоректі су жануарлары шағын яхтаға жан-жағындағы балық аулаушылардың тірлігін елең етпей жайғасып алып, төңірегін жайбарақат әрі маңғаз бақылап жатыр. Иә, бұл ілеуде бір кездесетін сирек көрініс. Әлемде морждардың бірнеше түрі бар. Олардың бәрі итбалық тобына жатады. Мына таспадағысы – калифорниялық түрі. Тынық мұхитының солтүстік бөлігін, Калифорния суларында тіршілік етеді. Сондақтан Вашингтон және Орегон штаттарында оларды жиі кезіктіруге болады. Теңіз арыстаны атанған бұл жануарлар ақылды келеді, кез келген табиғи және аумақтық ортаға тез бейімделеді. Олар адамдардан сескенбейді. Сол себепті, оларды циркте, дельфинарияда, хайуанаттар бағында пайдаланады. Еркектерінің үлкені шамамен 300 келіге дейін тартады, ал ұзындығы 2,5 метрге жетеді. Ұрғашыларының тұрқы шағындау болып келеді. Олар балықпен, шаянмен, моллюскалармен, т.б. қоректенеді. Әдетте білмейтіндер оларды жалқау жануар санайды. Негізінде олардың денесі үлкен болғандықтан бар күш-қуатын жемін аулау үшін жүзуге сақтайды.

Видео: Огромные морские львы отдыхают на очень маленькой лодке

Видео: Огромные морские львы отдыхают на очень маленькой лодке

0 пікір
Мұрағат