Асі ірі мұсылман елі Палестина билігі мен халқына Құдысты израилдіктерге беруге шақырды
Асі ірі мұсылман елі Палестина билігі мен халқына Құдысты израилдіктерге беруге шақырды
6 жыл бұрын 3710 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық New York Times мерзімді басылымының таратқан хабарына қарағанда, аталған ақпарат көзіне Палестина-Израил қатынасын реттеу жоспары тап болған. Аса маңызды құжат тілшілердің қолына қалай тап болып жүр? Бұл жағы құпия қалған. Өздеріңіз білесіздер, осыдан бірер күн бұрын Саудия астанасында мұсылман мемлекеттерінің әскери одағы құрылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Міне, сол алқалы жиында Саудияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманның Палестина автономиясының жетекшісі Махмұд Аббасқа айтуға ауыз бармайтын, ол ол ма, мұсылман адамның аузынан шығатын сөзге жатқызудың өзі ақылға сыймайтын «тосын» ұсыныс айтылды. Қатардағы қарпайым мұсылман емес, білдей бір мемлекеттің тізгінін ұстамақ тұлғаның мұндай ұсынысы Израилдің пайдасына айтылған. Нақтырақ айтқанда, палестиналықтарды Құдыстан бас тартуға шақырды. Аталмыш жоспарға сәйкес Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторынан тұратын Палестина мемлекеті толыққанда егеменді ел болмайды, бұған қоса, израилдік келімсектер көшірілмейді. Ол ол ма, палестиналықтар Құдыстың шығыс бөлігінен мүлде айырылмақ өз астанасы ретінде, ал палестиналық босқындар қайтып оралу құқығынан айырылады. Саудиялық монархтар палестиналықтар Құдыс шаһарының маңындағы Әбу Дисені астанаға айналдыруы тиіс. Бұл ақпараттың қаншалықты рас екендігін алдағы уақыт көрсете жатар, ең бастысы, палестиналықтардың мүддесі аяқ асты болмауы керек. Онсыз бейбіт келісімге келе алмайды.

0 пікір
Мұрағат