Арабтар да ғарышқа қол созады
Арабтар да ғарышқа қол созады
7 жыл бұрын 3441 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі өздері жасайтын алғашқы жасанды жер серігін 2018 жылдың жаз мезгілінде ғарышқы ұшыруға бел байлап отыр. Осылайша, көштен қалмай ғарышты игеруді бастайды. "Келесі жылы БАӘ бастан-аяқ осы елдің инженерлері құрастыратын Khalifa-Sat фото-суреті үшін жер серігін ұшырады" деп мәлімдеді аталған елдің ғарыш агенттігінің бас директоры Мұхаммед Насыр әл-Аһбаби. Ол ғарышты игеру мақсатында алдымен БАӘ инженерлерін 5 жылға Оңтүстік Кореяға білім алуға жіберген. Алғашқы жасанды жер серігі Оңтүстік Кореяда құрастырылған екен, ал екіншісі - DubaiSat - жартысы БАӘ-де құрастырылған. БАӘ ғарыш агенттігі жетекшісінің айтуынша, тағы бір байланысқа арналған Yahsat жер серігі келесі жылдың жаз мезгілінде ұшырылады. Бұдан бөлек, алдағы үш жылдың ішінде алты жер серігі құрастырылады. 

0 пікір
Мұрағат