Әлемдік діндердің жаһандық мәртебесі қандай?
Әлемдік діндердің жаһандық мәртебесі қандай?
7 жыл бұрын 5612 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем елдерінің жартысына жуығында дін ресми мәртебеге ие. Оның өзінде діннің мемлекеттегі мәртебесі әрқалай көрініс тапқан. Нақтырақ айтқанда, кей елдерде дін заңнан жоғары немесе керісінше, ал кейбір елдерде діни институттарға көңіл бөлінбеген. Pew зерттеу орталығының тұжырымы осындай. Ислам - әлеуметтанушылардың айтуынша, мемлекеттік мәртебеге ие болу жағынан алға шыққан, кең таралған дін. Әлем елдерінің 27-і сүнниттік, шииттік бағытта немесе мемлекеттік мәртебесі белгісіз мұсылман елдері болып табылады. Әлемнің 13 елі христиандықты өздерінің ресми діні ретінде таниды. Әлем елдерінің тек екеуінде ғана будда наным-сенімі мемлекеттік мәртебеге ие болса, иудалық наным Израилде мемлекеттік мәртебе иеленген екен. Ал заңнан жоғары мәртебеге ие болу жағынан христиан діні алға шыққан. Әлемнің 28 елінде осындай жағдай қалыптасқан екен. Тек 3 мемлекетте ғана исламға артықшылық берілген, 4 елде будда наным-сенімі заңнан жоғары саналады. Бұл жайында Newsweek ақпарат көзі хабар таратты. Талданған 199 елдің 22%-да дін мемлекеттік мәртебеге ие. 20 пайызында нақты бір дін артықшылыққа ие. Ал 5 пайызында дін атаулыға жауыға қарайды. Мемлекеттердің 53%-да дін ресми мәртебеге ие емес немесе артықшылық берілмеген. Айта кетейік, әлем елдерінің төртеуінде ислам үкімдерін орындау мұсылман тұрғындарына міндетті болып табылады: Комор аралдарында, Мальдвиде, Мавританияда және Сауд Арабиясында. 

Ескерту: Бұл мәлімет редакцияның позициясын білдірмейді.

0 пікір
Мұрағат