Ара экспорттаушы Еуропадағы аса ірі елдің өткен жылғы табысы
Ара экспорттаушы Еуропадағы аса ірі елдің өткен жылғы табысы
6 жыл бұрын 3247 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы – 2017 жылы Украина 23,5 тоннаға дейін ара экспортын арттырған екен. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 48%-ға көп. Ақшаға шаққанда өткен жылы ара экспорты 307,3 мың доллар табыс түсірген. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда екі есе көп қаржы. Жалпы алғанда, өткен жылы Украинадан 73 тонна ара шетел асқан. «Украиналық аграрлық бизнес клубы» деп аталатын қауымдастықтың аграрлық нарық сарапшысы Дария Гриценконың айтуынша, ара келісінің орташа бағасы 4,2 долларды құрайды. Сондай-ақ, ол украиналық арпалардың төрттен үші Еуропа елдеріне, төрттен бір бөлігі Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерге жөнелтілетінін жеткізді. Аграрлықтар ауыл шаруашылығында табиғи тозаңдануға пайдаланатын аралар импорты бір пайызға кеміген. Айта кетейік, араларды әкелу құны бір келісіне шаққанда 40,6 долларды құрайды. 

0 пікір
Мұрағат