Ақырғы сапарға аттандыратын ажал туризмі: жат құбылыс етек алып келеді
Ақырғы сапарға аттандыратын ажал туризмі: жат құбылыс етек алып келеді
5 жыл бұрын 3318 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Эвтаназия" көне грек тілінен алынған термин, мағынасы "жеңіл өлім" дегенге саяды. Бұл ұғымды терминге айналдырған Фрэнсис Бэкон есімді ағылшын ойшылы. XVI ғасырда. Бүгінгі таңда эвтаназия процедурасы емі жоқ науқастарға қолданылады. Көбінесе батыс елдерінде. Алайда, кейінгі кезде өмірден қажыған, түңілген жандарға да эвтаназия қолданылатын болып жүр. Мәселен, Белгиядағы емханалардың дені христиан әулиелерінің атымен аталғанымен өз-өзіне қол жұмсаумен бірдей күнә саналатын эвтаназия жиі қолданылады. Бастапқыда, дәлірегі, 2002 жылы эвтаназия аталған елде емі жоқ науқастарға ғана қолданылса (209 адам), "заңдастырылған өлімнен" көз жұмғандар қарасы 2017 жылы 2309 адамға жеткен. Бұл тек ресми дерек. Көбіне дәрігерлер мұндай ақпаратпен бөлісе бермейді. Ал еуропалық тағы бір елде - Голландияда эвтаназия заңдастырылғалы бері елдегі өлім-жітімнің жалпы санына шаққанда эвтаназиядан бақилық болғандар қарасы 4,4%-ға жеткен. Адам құқығын желеу еткен қоғамда адам өз өміріне қожайын. Тіпті, өлім мәселесінде де. Бұл парадигмада Құдай туралы ұғымға орын қалмаған. Сонымен қатар, Швейцарияда "өлім туризмі" барын біреу білсе, біреу білмес. 4 мың еуроға эвтаназия процедурасы қолданылады. Жылына шамамен 150-200-ге тарта турист науқас осы елдегі эвтаназияны пайдаланады. 

0 пікір
Мұрағат