Ақылы VIP түрмелер салынады
Ақылы VIP түрмелер салынады
7 жыл бұрын 3077 Әсем Әлмұханбет

Камбоджа билігі барлық жағдай жасалған ақылы түрме салмақшы деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Phnom Penh Post-қа сілтеме жасап. «Кімнің қаржысы жетсе, VIP түрмеге орналастырамыз. Бастапқы кезде 400 адамды қабылдаймыз. Құрылыс толық біткеннен кейін 1,2 мың жазасын өтеуші VIP түрмеге орналастырылады. Оның 180-і есірткіге тәуелділіктен арыла алмай жүргендер. Бағасын компания белгілейді. Жаңа түрмелерде камералар кең болады. Онда жаттығу жасауға да, діни жоралғыларға да орын жетеді» деді жергілікті түрмелерді басқару департаментінің төрағасы. Алғашқы блок 2018 жылдың ортасында қолдануға беріледі. Келісім шартқа сәйкес, түрмеден түскен қаржыны жергілікті билік пен қытайлық компания 45 жыл бойы бөлісіп отырады.

0 пікір
Мұрағат