Алтын жалатылған "ислами" криптовалюта айналымға шығарылады
Алтын жалатылған "ислами" криптовалюта айналымға шығарылады
7 жыл бұрын 2907 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі мұсылман елдеріне арналған криптовалютаны айналымға шығаратынын жариялады. Бұл жайында OneGram ислами финтех-компаниясы мәлім етті. Мұсылмандарға арналған криптовалютаның ерекшелігі - алтын жалатылған. OneGramCoin-ның бір бірлігі 1 грамм алтынның құнына тең. OneGram-ның бас директоры Ибрагим Мұхаммедтің айтуынша, аталмыш компания алтынды сақтаудың электрондық құралы жасауға ұмтылуда. Өйткені, әлемнің төрттен бірі осы валютаны пайдалана алатын болады. Яғни, бүгінгі таңда әлемдегі мұсылман саны да осыған сәйкес келеді. Алтын жалатылған алғашқы "тиынды" мамыр айының 21-і күні орналастыру жоспарланып отыр. Аталған компания бір күннің ішінде ғана 12 миллионнан аса ткоенді сатуды жоспарлап отыр. Бұл 12 тоннаға алтынға тең.  

0 пікір
Мұрағат