АҚШ-та әйел адам ағзасын өзге балаларға беру үшін емделмейтін ауруға шалдыққан қызын дүниеге әкелмекші
АҚШ-та әйел адам ағзасын өзге балаларға беру үшін емделмейтін ауруға шалдыққан қызын дүниеге әкелмекші
7 жыл бұрын 2891 tengrinews.kz

АҚШ-тың Оклахома штатының тұрғыны Кери Янг жазылмас дертке шалдыққан қызын дүниеге әкелу туралы шешім қабылдады. Ол науқас қызының органдарын басқа балаларға бермекші. Бұл туралы сәбидің болашақ әкесі Ройс Янг Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Ерлі-зайыпты қыздың анэнцэфалиямен ауыратыны жайлы жүктіліктің 20-шы аптасында білген. Дәрігерлер сәбидің мидың бір бөлігінсіз және бассүйексіз дүниеге келетінін айтқан. Сол сәтте жүкті әйел табиғи жолмен босануды шешіп, сәбидің органдарын ауруханаға беру туралы шешім қабылдаған.

"Мен қызымның әдемі болғанын қалаймын. Оның қалай құлап қалатынын, қалай жүруді үйренетінін көргім келеді. Барлығын өзгерткім келеді. Бірақ менің қолымнан ештеңе келмейді", - деп жазды Ройс Янг. 

Айта кетейік, ерлі-зайыпты болашақ сәбиіне Ева деген есім бермекші. Қазіргі уақытта олар ағзаға мұқтаж адамдарды іздестіріп жатыр. Ал босану уақыты 7 мамырға белгіленген.

0 пікір
Мұрағат