АҚШ стратегиясы сәтсіздікке ұшырады
АҚШ стратегиясы сәтсіздікке ұшырады
6 жыл бұрын 4531 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Гоесаяси жағдайды талдаумен айналысатын «Strategic Culture» мерзімді басылымында Джордано Бруноның АҚШ стратегиясының сәтсіздікке ұшырайтынын жазған мақаласы жарық көрді. Автордың айтуынша, АҚШ халықаралық аренада өз позициясынан айырылып, осы заманғы проблемаларды еңсере алмайды. Нақтырақ айтқанда, АҚШ әлемдегі ықпалын жоғалтып, оның орнын Қытай басуы мүмкін. Тарихы тым тереңде жатқан, алыстан ойлайтын Қытай көздеген мақсатына жету үшін ақырын әрі анық басып келеді. Тарқатып айтқанда, тарихынан тәлім алған қытайлар Жібек жолын жаңғырту арқылы, яғни, бүгінгі күні әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарынан түспейтін "Бір белдеу - бір жол" ауқымды жобасымен-ақ АҚШ-тың арынын басып, нәтижесінде әлемдегі жетекші елге айналады. Қытай Үндістанды Жібек жолы жобасына тарту арқылы АҚШ-тың әлемдік экономикадағы және геосаясаттағы позициясын айтарлықтай әлсіретеді. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның бір-бірімен жақындасуы да бұл аймақтағы АҚШ-тың ықпалын кемітпек. Корей түбегінде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын желеу етіп келген болса осы уақытқа дейін Ким Чен Ырдың күтпеген саяси жүрісі АҚШ-ты сүріндіріп кеткендей болды. Бұл жағдай да АҚШ-тың әлемдегі ықпалын кемітетін факторлардың бірі болмақ. Сарапшылардың айтуынша. Кезінде қазіргі Ақ үй қожайынының алдында АҚШ президенті болған Барак Обама Таяу Шығыстағы оқиғаларға АҚШ-тың араласуын азайтып, барлық назарды Қытайдың қуатты дамуын тежеуге аудармақ болған еді. Алайда, бұл жоспар жайына қалды. Өйткені, Израил мен Саудия АҚШ билігінен Иранды тежеп ұстауды талап еткен болатын. Автор АҚШ-тың саясаты "стратегиялық хаосқа ұрынды" деп баға берген бұл факторды АҚШ-тың бір мезгілде Ресейдің, Қытайдың және Иранның геосаяи күшін тежеуге ұмтылысынан пайда болғанын, бұған қоса, Иракқа, Ауғанстанға, Сирияға әскер кіргізгенінен көреді. Бұл тығырықтан шығу үшін қазіргі Ақ үй қожайыны Дональд Трамп ең алдымен Таяу Шығысқа бірнеше млрд долларға қару-жарақ сатудан бастап отыр. Осылайша, әскери әрі қорғаныс қабілетін күшейтпек. Автор осылай дей келе АҚШ-тың қазіргі жағдайын қолында картасы көп болғанымен олардың бірде-біреуі көзір болуға жарамайтындығымен бейнелеп түсіндіреді. 

0 пікір
Мұрағат