АҚШ жауынгерлерінің санын қысқартты (видео)
АҚШ жауынгерлерінің санын қысқартты  (видео)
8 жыл бұрын 2404 24.kz

Америка Құрама Штаттары Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның әуе күштеріне көмек беріп жүрген жауынгерлер санын қысқартты. Бірлестік ұшақтары Иемендегі хуситтермен қақтығыс жүргізіп жатқан президент Әбдіраб Мансұр Һадиге қолдау көрсетіп келген. АҚШ әскери әуе күштері өкілінің айтуынша, коалицияда бұған дейін жүрген 45 АҚШ жауынгері 5 адамға дейін қысқарды. Дегенмен, бұл АҚШ Сауд Арабиясына қолұшын бермейді деген сөз емес. Кейбір ақпарат көздері «Вашингтон, қажет болса, бұл шешімді қайта қарай алады және АҚШ жауынгерлерінің қысқаруына Иемендегі жағдайдың біршама тынышталуы себеп болды», деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, Йеменде 2014 жылдан бері «Ансар Алла» хуситтік қозғалысы мен президент Әбдіраб Мансұр Һади жақтастарының арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Аталған ел президентіне қолдау көрсету үшін 2015 жылдың наурызынан бері Сауд Арабиясы басқаратын коалиция кірген болатын.

 

0 пікір
Мұрағат