АҚШ долларын пайдаланғандар жазаланады
АҚШ долларын пайдаланғандар жазаланады
4 жыл бұрын 1975 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы Зимбабвенің қаржы министрі Мтули Нкубе кәсіпкерлерге қатаң ескерту жасады – америкалық доллармен есеп айырысуды талап еткендері заңмен қудаланады. Бұл жайында жергілікті Zimpapers телеарнасы хабар таратты. ергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне қарағанда, аталған ел АҚШ долларынан ресми валюта ретінде танудан өткен жылдың маусым айында бас тартқан. Алайда, төл ақшаның тапшылығынан әрі құнсыздануынан кәсіпорындар мен дүкен және май құю бекеттеріне дейін америкалық доллармен есеп айырысуға көшкен болатын. Билік тарапынан салынған тыйымға қарамастан. Осы орайда Зимбабвенің тауарлардың барлығын дерлік, тіпті, тұрмыстық бұйымдар мен азық-түлікке дейін сырттан тасымалдайтынын, яғни, импорттайтынын айта кету керек. Инфляция деңгейі 500%-дан асып кеткен елде бір бөлке нанның бағасы 0,05 долларға дейін шарықтап кеткен болатын. Осылайша юүгенсіз кеткен  инфляция аталған елдің төд валютасын құнсыздандырып, ақша саясатына қауіп төндіріп тұр. Бұл арада ел аумағында америкалық доллар айналымын шектеудің астарында Ирандағы немесе Ресейдегі секілді саяси мүдде жатқан жоқ.

0 пікір
Мұрағат