АҚШ Ауғанстанда жаңа соғыс бастауы мүмкін
АҚШ Ауғанстанда жаңа соғыс бастауы мүмкін
7 жыл бұрын 4411 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақ үй қожайыны Дональд Трамп АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери стратегиясына енгізілуі мүмкін өзгерістерге қатысты жаңа жоспарын қарауда. Аталған жоспарда ауған жеріндегі америкалық сарбаздардың санын арттыру және олардың жалақысын көтеру қарастырылған. Аталмыш жоспарды құрастырған авторлардың сөзіне қарағанда, АҚШ-тың Ауғанстанға қатысты бұл жоспары АҚШ-тың сыртқы саясаттағы жағдайына байланысты қабылдануы керек. АҚШ президентінің мақұлдауына берілген жаңа жоспар неге сызылды? Сарапшылардың айтуынша, Ауғанстанда тәліптер қозғалысының позициясы нығайып келеді. Жаңа жоспарға сәйкес ауған жеріндегі америкалық сарбаздардың санын арттырып, жалақасын көтеріп қана қоймай, олардың еркін ұрыс жүргізу мақсатында әскери контингенттің құзыретін кеңейтуі ықтимал. Бұл өз кезегінде америкалық сарбаздардың өзімбілермендік бассыздығына апарып соқтырмай ма әрі олардың жөнсіз әрекеті үшін АҚШ әлем қауымдастығы алдында қаншалықты жауапкершілікті арқалайды? Ол жағына АҚШ билігі әзірге бас ауыртып отырған жоқ. Екі ортада бейбіт тұрғындар зардап шегуі мүмкін. Егер әскерилердің құзыреті кеңейтілетін болса, тәліптерге қарсы бомбалаушылардың соққысы пайдаланылатын болады. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама кезінде тыйым салынған бұл тактиканың кесірінен, яғни, әуеден шабуылды үдету ең алдымен бейбіт тұрғындарға қатерлі. Әуеден шабуыл жасау қай соғыста да ең қатерлі тактика болып табылады. Адам шығын көп болады. Қоршаған ортаға, инфрақұрылыға елеулі залал келтіреді. Егер аталмыш жоспар қабылданып кетсе, ауған жеріндегі 8,4 мың америкалық сарбаздардың қарасы шамамен 12 мыңға дейін көбейеді. Бұған қоса, Ауғанстандағы Солтүстік Альянс сарбаздарының қатары да арттырылуы мүмкін. Ауған жеріндегі әскер науқанға АҚШ эылына 23 млрд доллар жұмсайды екен. Оның үстіне, батыс елдерінің ықпалымен құрылған ауған елінің қазіргі билік тізгінін ұстағандардың жалақасын көтеруді де ойластырып отыр. Тәліптерге қатысты ақпаратты мүдделі тараптарға сатпауы үшін. Бұл да Пентагонның бюджетіне салмақ салатын үлкен шығын. Түбінде бұл шығындар өзін ақтай ма, оны АҚШ билігі де, тәуелсіз сарапшылар да есептеп бере алмайды.

1 пікір
  • Екі ортада қарапайым халық зардап шегеді, Алла сақтасын соғыстан.
    7 жыл бұрын
Мұрағат