Апелациялық сот маймылға адам құқығын беруден бас тартты
Апелациялық сот маймылға адам құқығын беруден бас тартты
7 жыл бұрын 5512 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Нью-Йорк штатының апелациялық соты жеке біреудің қолындағы екі шимпанзені қамаудан бостап, қорыққа жіберуін талап еткен құқық қорғаушылардың шағымын қарады. Бұл істі қарай келе маймылдың адам секілді құқыққы ие бола алмайтынын алға тартып, құқық қорғаушылардың талабын қанағаттандырмай тастады. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Дәлірегі, аталған сот алқасы Nonhuman Rights Project құқфқ қорғау ұйымының шағымын қарастырған еді. Жануарлар құқығы үшін күрескен заңгерлерге Томми және Кико деп аталатын екі шимпанзенің қамаудағы өмірі ұнамаған. Олар маймылдардың да адам секілді өз еркі өзінде болуға құқығына ие екенін дәлелдеуге күш салды. Олар, тіпті, дәлел ретінде адам тектес маймылдарды зерттеген Джейн Гудолл есімді британдық ғалымның еңбектерін алға тартқан болатын. Аты аталған ғалымның тұжырымы бойынша маймылдардың ішінде шимпанзенің мінез-құлқы адамға тартқан әрі қабілеті мен дүниетанымы да адамға ұқсайды. Десе де сот алқасы бұл дәлелдерді жеткіліксіз деп тауып, жануарларға жаны ашыған құқық қорғаушылардың талабын қанағаттандырмай тастады. Сот алқасы құқық қорғаушылар келтірген адам мен маймыл арасындағы бұл ұқсастықтарды маймылдың адам секілді жауапкершілік арқалай алатынына кепілдік бола алмайтынын алға тартты. 

0 пікір
Мұрағат