"Америкалық терроризмге" қарсы заң қабылданды
"Америкалық терроризмге" қарсы заң қабылданды
7 жыл бұрын 2270 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран парламенті Таяу шығыстағы "америкалық терроризмге" қарсы тұру туралы заң жобасын мақұлдады. Сарапшылар аталған заң жобасының қабылдануын АҚШ-тың Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкцияларды енгізуге байланысты қарсы қадам, қарымта деп бағалап отыр. Десе де Иран парламенті қабылдаған заң жобасында АҚШ-тың Таяу шығыстағы әрекетіне немесе стратегиясына қалай қарсы тұру турасында не айтылғаны хабарланбаған. АҚШ пен Иранның текетіресі аймақтағы саяси дағдарысты еңсере алмасы анық. Шииттік бағыттағы Иран мен демократияны желеу еткен АҚШ-тың аймақтағы мүдде қақтығысы осы аймақтағы мұсылман елдерінің экономикалық, саяси өміріне кері әсер ететіні сөзсіз. Ең алдымен аймақ қауіпсіздігіне қатер төндіреді, бұл өз кезегінде еркін сауда, мәдени және саяси интеграцияға кедергі келтіреді. 

0 пікір
Мұрағат