«АЛЛА» ДЕГЕН ЖАЗУ ҮШІН ЛАҢКЕС АТАНА ЖАЗДАДЫ
«АЛЛА» ДЕГЕН ЖАЗУ ҮШІН ЛАҢКЕС АТАНА ЖАЗДАДЫ
8 жыл бұрын 2796 muslim.kz

Британиялық мұсылман отбасы Лондон әуежайында «қырағы» сапарластарының арқасында орынсыз қорлыққа тап болып, лаңкес атана жаздады. 24 жасар Сакина Дхарас және оның 19 жасар сіңлісі Марьям мен 21 жастағы інісі Әли үшеуі Стэнстед әуежайынан Неаполь қаласына сапарға шықпақ болған.

Жолаушылар ұшаққа отырғызылып, енді ұшуға бет алған кезде оларды арнайы жасақ бөлімі тоқтатып, үшеуін арнайы қызмет өкілдері тергеуге алған. Кейіннен белгілі болғандай, ұшақ ішіндегі жолаушылардың бірі Дхарастың қалта телефонынан араб тілінде жазылған «Алла» сөзін көріп қалып, оларды ИШИМ жақтастары деп ойлап қалған көрінеді.

Арнайы қызмет агенттері олардың діни сенімдері жайлы сұрастырып, жұмыс орны мен тұрғылықты мекенжайларын тексерген. Тіпті, олардың Whatsapp желісіндегі соңғы хабарламаларын да оқып шыққан. Жазықсыз айыптаудың кесірінен бірер сағатқа созылған тергеуден соң жастар ұшаққа қайта отырғызылған.

0 пікір
Мұрағат