Әлемнің сегіз елі Қытайдың қарыз қақпанынан құтыла алмайды
Әлемнің сегіз елі Қытайдың қарыз қақпанынан құтыла алмайды
6 жыл бұрын 16349 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы Қытайға 1 млрд доллардан аса қарыз Шри-Ланка ақыры өз аумағындағы "Хамбантота" айлағын қытай иелігіне беріп тынды. Африка құрлығындағы АҚШ-тың басты әскери базасы орналасқан Жибути де осының кебін киюі мүмкін. Бұл АҚШ-тың қандай қадам жасауына қарай болмақ. "Қытай өзіне тәуелді етіп, күмәнді келісім-шарттарға отырады, жыртқыштық қарыз тәжірибесін қолданады әрі коррупциялық мәмілелерге отырады. Осылайша кедей елдерді қарыз қамытына тартып, олардың егемендігіне қол сұғады",- деп наурыз айының 6-ы күні мәлімдеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның сөзінде жан бар. "Қытайдың қолында Африкадағы жетілмеген инфрақұрылымды дамытуға инвестициялық әлеует бар, алайда, олардың бұл тәсілі қарыздың ұлғаюына алып келді және аз ғана жұмыс орнын ашумен (егер бар болса) шектелген көптеген елдерде",- деп сөзін толықтырды АҚШ мемлекеттік хатшысы артынша. Сарапшылар бұл жыртқыштық тәсілді "қарыз қамытының дипломатиясы" атап кеткен. Яғни, инфрақұрылымды дамытуға арзан "тәтті" қарыз беріп, оны кейін дефольт секілді қауіпті бишікке айналдырады. "The Center for Global Development" ("Жаһандық даму орталығы") деп аталатын коммерциялық емес зерттеу ұйымы "Бір белдеу - бір жол" атты инвестициялық жоспарға қатысып отырған елдердің экономикалық қуатын, Қытай алдындағы қарыз мөлшерін, т.б. жан-жақты саралай, сараптай келе әлемнің сегіз елін ерекше бөліп көрсетіпті: Жибути, Қырғызстан, Лаос, Малдив, Моңғолия, Черногория, Пәкстан және Тәжікстан. Айтпақша, Тәжікстан Қытаймен шектесетін даулы аймағын ақыры Қытай алдындағы қарызының көп бөлігінен құтылу үшін беріп тынған болатын. 

 

0 пікір
Мұрағат