Әлемдегі зорлық-зомбылықтың ең басты себебі неде екенін сарапшы өзінше топшылап, ақиқатын айтқандай болды
Әлемдегі зорлық-зомбылықтың ең басты себебі неде екенін сарапшы өзінше топшылап, ақиқатын айтқандай болды
6 жыл бұрын 2841 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дубай қаласында өткен алқалы жиында бірқатар өзекті мәселелер қозғалған болатын. Алыс-жақын шетелден келген меймандар мен білікті сарапшылардың арасында америкалық саясаттанушы Фрэнсис Фукуямамың әлемнің әр түкпірінде болып жатқан шиеленістерге берген бағасы мен себеп-салдарын талдауы әлдеқайда обьективті естілді. Яғни, қисынды көрінді. Мәселен, ол таяуда Иранда болып өткен халық толқуына қатысты өз былайша өрбітті: «Иран  ұрпақтар арасындағы әлеуметтік қайшылықтан туындаған дағдарысқа бет алып барады. Иранда көрер көзге байқалмайтын әлеуметтік төңкеріс болып өтті. Ішінара алғанда, елді басқарып отырған консервативтік билік тармақтарына көңілі толмайтын сауатты жастар бар. Бұл өз кезегінде қандай да бір жарылысқа әкеледі»,- деген ол Ирандағы наразылық шеруін ең алдымен климаттың өзгеруімен, соған байланысты жайлаған құрғақшылықпен және орын алған су тапшылығымен байланыстырды. Бұл өз кезегінде зорлық-зомбылық пен өзге де қатерлі факторларды тудырады. «Таяуда Иранда орын алған толқуға экологиялық факторлар себеп болды»,- деп түйіндеді ойын. Фрэнсис Фукуяма Парсы шығанағындағы араб мемлекеттеріне келгенде, мақтауды аямады. Оның айтуынша, аталған аймақтағы араб елдері батыстың либералды-демократиялық институттарының ықпалына ұшырамай, сенімді экономикалық және саяси моделін қалыптастырған. Парсы шығанағында қауіпсіздіктің жолға қойылғандығын, заңның үстемдік құрғанын, т.б. жеткізді.

0 пікір
Мұрағат