Әлемдегі ең атеист ел белгілі болды
Әлемдегі ең атеист ел белгілі болды
6 жыл бұрын 6302 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Gallup International халықаралық талдау агенттігінің сарапшылары осы бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрген екен. Яғни, әлемдегі ең атеист елді анықтау мақсатында. Аталған агенттік сарапшылары әлемнің 86 елінде әлеуметтік сауалнама жүргізген және олардың сауалына ұзын саны 60 мыңнан аса адам жауап берген. Нәтижесінде әлем тұрғындарының 70%-ы қандай да бір дінге сенетінін білдірген. Ал құдайды жоққа шығаратындар қарасы Қытайда көп болып шықты. Мұндағы атеистер үлесі  67%-ды құраған. Аталған елдің сауалнамаға қатысқандардан тек 6%-ы ғана өзін Жаратушыға сенетінін жеткізген. Атеистер, сондай-ақ, Жапонияда да аз емес: сауалнамаға қатысқандардың 29%-ы құдайды мойындамайтынын мәлімдеген, содан кейінгі орындарды Словения (28%), Чехия (25%) және Оңтүстік Корея (23%) тұр. Ал ең "діндар" ел Таиланд болып шыққан - 98%.

0 пікір
Мұрағат