Премьер-министр еден жуды (видео)
Премьер-министр еден жуды (видео)
6 жыл бұрын 4448 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлық болсаң, кішік бол. Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте абайсызда парламент қабырғасында еденге кофесін төгіп алған болатын. 51 жастағы ел премьері дереу швабраны қолына алып, еденнің былғанған жерін жуып шыққанымен қоймай, құрғатып берді. Түркиядағы Голландия елшісі Кис ван Бек бұл көрініске куә болып, оны таспаға тартып алып, Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жариялаған екен. Алайда, көпке жағу қиын ғой, әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі білдей бір ел премьерінің бұл әрекетін пиярға балап, пікір білдірген екен. 

 

0 пікір
Мұрағат