Әлемде тұңғыш рет гастрабайтерлерге мереке ұйымдастырылды (фото)
Әлемде тұңғыш рет гастрабайтерлерге мереке ұйымдастырылды (фото)
7 жыл бұрын 2490 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шекара асып, шетелден келіп, жалданып жұмыс істейтін, былайша айтқанда, еңбек мигранттары немесе қазіргі тілмен шүйіргенде, гастрабайтер атанып кеткен пақырларды да бір жарылқап тастады. Қасиетті Мекке жұртшылығы. Осылайша қасиетті қаланың тұрғындары қайырымды қала екенін дәлелдеп берді. Жасырып қайтеміз, әдетте шетелден нәпақа іздеп келгендерді күнін көре алмай тентіреп жүрген отаны жоқ қаңғыбасқа теліп жатамыз. Жергілікті халықтың тарапынан жылы қабақ танытыла бермейді. Біреудің асына қол сұқса, сіз де көз алартар едіңіз. Десе де гастрабайтерлердің де Алла жаратқан адам екенін қасиетті Мекке белсенділері былайғы жұрттың есіне бір салып қойғанды жөн көрген екен. Бәрекелді дейміз. Гастрабайтерлер туралы ел арасында қалыптасқан жағымсыз пікірге, таптаурын тар түсінікке тойтарыс беру мақсатында арнайы мерекелік шара ұйымдастырып берді. 

0 пікір
Мұрағат