Пациентке көруге мүмкіндік беретін киберкөз салынды
Пациентке көруге мүмкіндік беретін киберкөз салынды
7 жыл бұрын 2645 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында тұңғыш рет бионикалық көру жүйесінің бір бөлігі болып табылатын киберқарашықты салды. Күрделі ота Н.И. Пирогов атындағы офтальмология ғылыми зерттеу орталығында жасалды. Бұл жайында "Известия" мерзімді басылымы хабар таратты. Көзі тұқым қуалайтын дегенеративті дерттен зардап шеккен 59 жастағы ер адамға бионикалық "Аргус-2" импланты салынды. "Дәлірегі, Челябы қаласының 59 жастағы тұрғыны, фрезеровщик мамандығының профессоры көз қарашығының пигментті дегенерациясына шалдыққан. Оның сырқаты соңғы сатысына жеткен. Ота кезінде оның құлағының есту қабілеті төмендеп кетті",- деді ғылыми зерттеу институтының директоры Христо Тахчиди. Осылай дей келе ол "Аргус" чипінің әлі қосылмағанын жеткізді, өйткені, алдымен көзі қалпына келуі тиіс. Қосылған кезде пациент баланы ересек адамнан, толық адамды арық адамнан айыра алатын болады. Алайда, бір текті адамдар бірдей көрінетін болады. Айта кетейік, ғалымдар бұл технологияны әлі де жетілдіретін болады. Толық көруге мүмкіндік беретін деңгейге жеткізбек. 

0 пікір
Мұрағат