Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) маусым айының 26-ы күні жариялаған "Есірткі туралы бүкіл әлемдік баяндама - 2019" деп аталатын баяндамасында келтірген дерекке қарағанда, әлем бойынша есірткіні 2017 жылы 271 млн-ға тарта адам қолданған. Бұл арада каннабис, кокаин және опиум, сондай-ақ, синтетикалық есірткі қолданғандар турасында сөз болып отыр. Яғни, аталған жылы есірткіге тәуелді болып қалып, медициналық жәрдемге мұқтаж нашақорлар саны 30 млн-нан 35 млн адамға дейін көбейген. Бұл аралықта есірткі қолданудан бір жарым млн-нан аса адам бақилық болған екен. Баяндамада есірткілік заттар ішіндегі ең көп қолданылғаны - каннабис, ал ең қауіптісі - опиум екені айтылған. Опиумды қолданудан өлгендер саны өзше есірткі түрлеріне қарағанда әлдеқайда көп болып шыққан.