Әлемде мигранттардың саны қаншаға жетті
Әлемде мигранттардың саны қаншаға жетті
5 жыл бұрын 1849 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша мигранттардың саны 272 млн-ға жеткен. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының аталған мәселе төңірегіндегі кезекті баяндамасында айтылған. Дәлірегі, бұл дерек БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелермен шұғылданатын департаменті жасаған баяндамада келтірілген. Биылғы көрсеткіш 2010 жылғы мигранттар қарасына қарағанда 51 млн-ға көп. Қазіргі уақытта халықаралық мигранттар қарасы әлем тұрғындарының санына шаққанда 3,5%-ды құрап отыр. Ал бұл көрсеткіш 2010 жылы 2,8%-дың ар жақ, бер жағында болатын. 2019 жылдың мәліметіне қарағанда, мигранттардың дені Еуропада шоғырланған – 82 млн-ға тарта адам, Одан кейінгі орында Солтүстік Америка тұр - 59 миллион,  батыс Азияда – 49 млн. Қарулы қақтығыс орын алған, экономикалық дағдарыстан, табиғи апаттардан, т.б. бас сауғалаған босқындар күллі әлемнің бас ауруына айналған.

0 пікір
Мұрағат