2050 жылы күн мен жел энергиясы жер шарының жартысын электрмен қамтамасыз етеді
2050 жылы күн мен жел энергиясы жер шарының жартысын электрмен қамтамасыз етеді
5 жыл бұрын 4232 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

BloombergNEF болжамы бойынша осы ғасырдың орта шенінде жаңғыртпалы энергия көздері жер шарының жартысын электрмен қамтамасыз ететін болады. Бұл аралықта, яғни, аталған мерзімде АҚШ аумағында ядролық және көмір өнеркәсібі мүлдем жоғалады. Оның орнын арзан жаңғыртпалы энергия көздері мен табиғи газ алмастырады. Жаңғыртпалы энергия көздерінен алынған эдектр әлемнің үштен екісінде ең арзан энергияға айналады. Бір ғана АҚШ-тың өзі көміртекті энергиядан бас тартса, 4,7 трлн доллар шығын көрмек. Wood Mackenzie сарапшыларының есебі бойынша. Яғни, «жасыл энергияға» көшу әрбір америкалық отбасы үшін 35 мың доллардан айналмақ. Олар табаны күректей 20 жыл қатарынан шамамен 2 мың доллардан төлеуіне тура келеді. 

0 пікір
Мұрағат