Алатаудың арғы жағында...
Алатаудың арғы жағында...
8 жыл бұрын 2715 Толқынбек Әбдіғұлов

Қырғызстанда толық шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін қаржы мекемесі ашылды. Бұл жайында Қырғыз Республикасының Ұлттық банк төрағасы Толқынбек Әбдіғұлов хабардар етті. Ақбас Алатаудың арғы жағындағы елдің қаржы саласының құлағын ұстаған лауазымды тұлғаның сөзіне қарағанда, аталмыш банк ҚР президенті Алмазбек Атамбаевтың Сауд Арабиясына ресми сапарынан кейін ашу мүмкін болған. Яғни, ел президенті Сауд Арабиясында Ислами даму банкінің жетекшісі Ахмет Мұхаммед Әлі әл-Маданимен кездескеннен кейін осындай уағдаластыққа қол жеткізілген. «Бүгінгі таңда ислам қағидалары бойынша жұмыс істейтін бір ғана банк бар. Оның өзінда шариғат талаптары 100% сақталмайды. Онда тек «ислам терезесі» ғана бар. Банктің стандартты операцияларынан өзге ислами жолмен қаржыландыру бағытында жұмыс істейді»,- деді ол «Кабарлар» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. ҚР ҰБ басшысы аталмыш қаржы мекемесінің ашылуына байланысты биыл заңнамаға белгілі бір өзгертулер, соның ішінде ислам қағидалары бойынша қаржыландыруды оңтайландыруға қатысты өзгертулер енгізіледі. Нақтырақ айтқанда, әкімшілік, салықтық кодекстерге өзгертулер енгізілмек.

0 пікір
Мұрағат