Ажалы таспаға тартылып қалды
Ажалы таспаға тартылып қалды
9 жыл бұрын 3792

14 жастағы руфердің ажалы таспаға тартылып қалды. Кезекті биіктікті бағындыру кезінде жерге құлап өлген жасөсіпірімнің бұл қазасы жұртшылықты несімен тіксіндірді? Түсінікті болу үшін басынан бастасақ. Оқиғаның жай-жапсары былай өрбіген болатын: сегізінші сыныпта оқитын екі оқушы теміржол көпіріне көтерілмей ме кезекті биіктікті бағындыру үшін. Таспадағы бейне көріністен байқалғандай, жасөспірімдердің бірі таяныш іздеп ток өткізетін сымды ұстай алған. Сол сәтте соққан токтан ондаған метр биіктен төмен құлдилаған. «Тергеу амалдары болған оқиғаның барлық жай-жапсарын және себебін анықтауға бағытталған тиісті тексеру шаралары жүргізілуде. Тексеру нәтижесіне қарай процессуалды шешім қабылданады»,- деп мәлімдеді осы қайғылы оқиғаға орай Ресей Федерациясының тергеу комитетінің көлікке қатысты Мәскеу аймақаралық тергеу басқармасы жетекшісінің орынбасары Татьяна Морозова. Кейінгі кезде биіктен секіру, түрлі трюктар жасау, т.б. адам өміріне қауіпті мұндай ермек түрлері жасөспірімдер арасында кеңінен тарап, сәнге айналған. Әрі ол «ерліктерін» өздерін жарнамалау үшін  ғаламторға орналастырып, өзгелерді де еліктіруде. Тұрғындардың дені осыған алаңдаушылық білдіріп, руферлерге қатысты арнайы заң қабылдауды талап етіп отыр. Яғни, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттаумен бірдей көріп, қылмыстық істердің қатарына жатқызуды талап етіп отыр.

0 пікір
Мұрағат