Айндар неге наразы?
Айндар неге наразы?
5 жыл бұрын 4550 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Негізгі тақырыпты қозғамас бұрын алдымен Уикипедия электронды анықтамадан айн ұлысы туралы аз-кем мағлұмат бере кеткенді жөн көріп отырмыз: Жапон аралдарын мекен еткен ежелгі халық. Бір кездері айндар Амур өзенінің төменгі сағасында, Камчатка түбегінің оңтүстігінде, Сахалинде және Курил аралдарында болған. Қазіргі уақытта айндар тек күншығыс елінде ғана қалған. Ресми дерек бойынша олардың қарасы қазіргі уақытта 20 мыңның ар жақ, бер жағында, ал ресми емес мәлімет бойынша 200 мыңға жуық. Айндардың шыққан тегі әлі күнге ғылымға белгісіз. Түрлі жорамалдар болғанымен олардың дені шикі. Десе де айндар өз алдына бөлек ұлыс. Жапонияда Хоккайдода тұратын айн ұлысының көсемі таяуда ел билігін айндарға қатысты ассимиляциялау саясатын сынға алды. Жапон парламентінде қарастырылып жатқан заң жобасы бойынша айндарды байырғы жапон халқы ретінде қабылдау мәселесі көтерілген. Алайда, айндар өкілі аталмыш заң жобасының айндардың ұлттық мәдениеті мен өзгешелігіне қауіп төндіріп тұрғанын, айндарды кемісутіге ұшыратанын мәлімдеді. Жапондардың «Асахи Симбун» ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, аталмыш заң жобасы айндардың ұлттық өзгешелігі мен дербестік құқығына нұқсан келтіріп қоймай, туристердің (табыс көзінен) келуін тоқтатады. Айндарды көру үшін әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып жатады. Жапонияға. Сакураның гүлдегенін көру үшін келетіндер мен айндардың мәдениетін тамашалау үшін келетін туристер қарасы көп. 

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð°Ð¹Ð½ в Ñпоний

Айндар мекен еткен аймақ (қызылмен боялған)

0 пікір
Мұрағат