Босқындарды ЕО аумағынан тыс жерде қабылдауды ұсынды
Босқындарды ЕО аумағынан тыс жерде қабылдауды ұсынды
7 жыл бұрын 2245 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австрияның сыртқы істер министрі Себастьян Курц босқындарды Еуроодақтан тыс аумақта қабылдауды, дәлірегі, ЕО аумағынан тыс жерде босқындарды қабылдау орталығын ашуды ұсынды. Бұл жайында Bild am Sonntag апталығы хабарлады. Сондай-ақ, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасымен бірлесе отырып, аталған орталықтың жұмысын жүргізу қажеттілігіне тоқталды. «Босқындардың қайда болғаны маңызды емес, ең бастысы, олар қауіпсіз жерде болғаны керек. Бәрібір заңсыз жолмен Еуропаға өтпек болғандар келген жағына қайтарылады. Сол себепті, мұндай орталықты Мысыр, Грузия немесе Балұанның батысындағы елдердің бірінен ашуға болады»,- деді ол. Осылай дей келе ол мигранттарды депортациялау (көшіру) мәселені шешпейтінін алға тартты. Сондықтан оларды шекарадан өткізбей кері қайтаруды мәлімдеді. Австрияның сыртқы істер министрі мүнымен ғана шектеліп қалмай кәрі құрлыққа босқындардың қаптауына Германия канцлері Ангела Меркелдің жүргізіп отырған саясатының себеп болғанын тілге тиеп, неміс басшысының мигранттарға қатысты саясатын қатаң сынға алды. Айта кетейік, 2015 жылы босқындар дағдарысы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет ауқымды сипат алып, рекордтық кқрсеткішке жетті. Нақтырақ айтқанда, сол жылы кәрі құрлыққа бір милионнан аса босқын ағылған. Босқындардың дені тұрақтылығы шайқалып, халықаралық жанжалдың ошағына айналған, түрлі соғыстан титықтаған Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігіндегі елдерден келгендер құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат