Әйгілі боксшы кедейлерге 1000 үй салып берді
Әйгілі боксшы кедейлерге 1000 үй салып берді
8 жыл бұрын 2210 muslim.kz

Атақты кәсіпқой боксшы, саясаткер, мультимиллионер Мэнни Пакьяо баспанасыз отандастарына арнап 1000 үй салып берді. Бұл туралы боксшы өзінің Фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

«Филиппиннің Сарангани өңіріндегі отандастарым үшін 1000 үй салып, оны тегін бердім. Осы үшін өзімді бақытты сезінемін. Құрылысқа жұмсалған ақшаны толықтай өз қалтамнан шығардым. Мұнымен шектелмей алдағы уақытта тағы да баспана салып, отандастарыма үлестіре беремін. Өйткені, кітабымыз Інжілде адамдарға қайырымдылық жасауға шақырады», – дейді христиан дінін ұстанатын Пакьяо.

 

0 пікір
Мұрағат