«СЛАДКАЯ СЛОБОДА» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМІ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
«СЛАДКАЯ СЛОБОДА» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМІ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
8 жыл бұрын 3180 muslim.kz

Алматыда ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын Ресей Федерациясы Киров қаласының ірі кондитерлік фабрикасы «Аструм-М» ЖШС-на «Халал» сертификатын табыстады. Осы уақытқа дейін кәсіпорынның жұмысы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның бекіткен халал ережесіне сай сараптамадан өткен болатын.

«Аструм-М» ЖШС-ның «Сладкая Слобода» сауда белгісімен шығаратын печенье, вафли және т.б. кондитерлік өнімдері Халал талаптарына сай екені анықталған. Өнімдері генді-молекулярлық зертханада текесерістен өткен, ГМО және тыйым салынған қоспалар құрамы қосылмаған.

Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін 67 кәсіпорынға Діни басқарманың сертификаты берілген болатын.

0 пікір
Мұрағат