Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуден Ұлыбритания мен Франция көш бастап тұр
Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуден Ұлыбритания мен Франция көш бастап тұр
4 жыл бұрын 3640 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Франция мен Ұлыбритания әйелдерге қарсы қылмыс бойынша Еуропалық елдер арасында көш бастаған. Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу әрі күрес жөніндегі Стамбұл конвенциясына Словакия, Латвия, Литва, Венгрия, Чехия, Болгария және Ұлыбритания секілді ЕО-ға мүше елдер қосылған жоқ. Еуропалық одақтың статистикалық қызметі 2017 жыл бойынша келтірген мәліметіне қарағанда Франция ЕО елдері арасында әйелдердің кісі қолынан қаза табу дерегі бойынша бірінші орынға шыққан. Аталған жылы Франция аумағында 601 әйел кісі қолынан өлген. Ал Германияда бұл көрсеткіш сол жылы 380-ді құраған екен. Ұлыбританияда - 227, Италияда – 130, Испанияда – 113. Ал әйелдерді зорлау бойынша Ұлыбритания алға шыққан: 2017 жылы Тұманды Альбион елінде зорланған әйелдер қарасы 48122-ге жетсе, Францияда бұл көрсеткіш 14899-ды құраған. Ал Германияда – 7831 болса, Швецияда - 6810.

0 пікір
Мұрағат